Русский Сайттың толық нұсқасы

Әжесіне массаж жасаған Бағжан Октябрь Желідегілерді сүйсінтті

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2023
  • 687

Танымал виолончельші Бағжан Октябрь TikTok желісіндегі парақшасына әжесімен түскен видеосын жүктеп, жұртты сүйсінтті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видеода өнер иесінің әжесіне массаж жасап жатқаны көрінеді.

"Әжемнің баласымын", - деп жазған ол. 

Желі қолданушылары өнерпаздың бұл әрекетіне сүйсініп, пікір қалдырған. 

"Керемет", "Керемет көрініс", "Әжеңіз аман болсын. Немере, шөберелерінің қызығын көрсін", "Иә, әжеңізге қатты ұқсайсыз, әсіресе мұрныңыз", - деп жазған олар.