Русский Сайттың толық нұсқасы

"Желігің басылатын уақыт болды": Әже болғысы келмейтінін айтқан Баян Алагөзова жұрттан сөз естіді

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2023
  • 1476

Белгілі отандық продюсер Баян Алагөзова жиен немересінің өзін “Баяша” деп атайтынын мақтана айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мен немерелерім үшін керемет апа емеспін. Себебі мен апа емеспін. Әйелдерді бұлай атайтындай бұл сөзді кім ойлап тапқан? Үлкен жиен немерем үшін мен Баяшамын. Маған солай ыңғайлы. Әже емес, апа емес. Мен үшін қайсысы дұрыс болады деп ұзақ ойландым. Соңында “Баяшаға” тоқталдым. Сіздер қалай ойлайсыздар?”, – деп көпшілікке сауал тастады продюсер.

Немерелерінің “апа” немесе “әже” деп атағанын қаламайтынын айтқан Баян Алагөзова жұртқа жақпай қалды.

“Әже деген сөзді есту мен үшін үлкен бақыт”, “Әже болу бәрімізге арман”, “Қашанғы Баяша боласың? Жасың біразға келген әйелсің ғой, желігің басылатын уақыт болды”, “Қыстың жаманы күз болсам дейді, қатынның жаманы қыз болсам дейді”, “Ұнаса да, ұнамаса да әжесіз”, “Қартайғысы келмейді”, “Әже болу біреулерге арман”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.