Русский Сайттың толық нұсқасы

"Үстіңнен таптап өтіп кетеді": Наркенже Серікбаева өнерде өзіне қорған болған әншінің есімін атады

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2023
  • 1541

 Әнші Наркенже Серікбаева өзінің өнердегі басты жанашырлары туралы айтты. Бұл туралы "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жасыратыны жоқ, осы өнерде Жасұлан (Жасұлан Базарбаев - ред.) ғана қолдаған. Әлсіреп жатқан гүлге су құйсаң қайта жанданады ғой. Әлсіреп жатқанда: "Жасұлан, не істеймін? Қойып кетейін бе?", - дегенмін. "Жындысың ба? Кел, мен саған көмектесемін", - деп әлсіреп жатқан гүлге су құйған сол. Жасұланнан кейін оңтүстікте Пернебай деген ағамыз бар. Осы екеуі көмектесті. Мен қызымды не үшін өнерге алып келмеймін? Қиыншылығы көп. Аяқтан шалғанға төтеп беруің керек, сынып кетпеуің керек, төзуің керек. Сынсаң сені ешкім тұрғызбайды. Өзіңде қайта тұруға күш болу керек. Күш болмаса, үстіңнен таптап өтіп кетеді", - деді әнші.