Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қоғамдық сана өзгерсе, саяси реформалар сәтті жүзеге асады",-А. Жұмаділдаев

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2023
  • 964

Еліміздің әрбір азаматы өзгерісті өзінен бастауы керек. Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Ұлттық Құрылтай мүшесі Асқар Жұмаділдаев осылай дейді. Ғалым мемлекет басшысы ұсынған саяси реформалар сәтті іске асуына халық өз ықпалын тигізіп, қоғамдық сананы өзгерту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ол өз тарапынан ғалымдардың әлеуметтік дәрежесін көтеріп, отандық ғылыми журналдарды көптеп шығаруды ұсынды. Президенттің экономиканы ғылым мен инновацияға сүйене отырып, дамыту керек деген ұстанымын ерекше қолдап отыр.  


"Президент Тоқаевтың сөзін мен екі рет тыңдадым соңғы кезде. Біріншісі – Түркістандағы Құрылтайда. Екіншісі – кеше Парламенттің отырысында. Түркістандағы негізгі ой руханият жағында болса, екінші сөзі – ол экономика жағына басымдық берді. Білім, ғылым, жаңа технология және креативті экономика. Өте орынды, өте маңызды нәрселер айтылды. Ендігі мәселе – осы айтылған ұсыныстардың жүзеге асырылуы",-дейді ҚР ҰҒА академигі, ұлттық құрылтай мүшесі Асқар Жұмаділдаев.