Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Президенті Күнсұлу Закария Президент Жолдауына қатысты өз пікірімен бөлісті.
«Мемлекетіміз белгілі бір жетістікке жетуі үшін еңбекқор, талапшыл жастарды тәрбилеу керек»,- дейді ол.
Айтуынша, бүгінде көзі ашық, көкірегі ояу, ғылымға бет бұрған жастардың қатары көбейіп келеді. Алайда, оларға мемлекеттік қолдау қажет.
"Осы жылғы Жолдауда көп мән ғылымға берілді. Неге десеңіз, ІТ - технология, агротехнология, электр, су тапшлығы, транспорт және коммуникация - сол ғылым саласындағы бағыттар. Саяси тұрғыдан біздің отандастарымыздың әлеуетін көтеруіміз керек, мәдениетін көтеруіміз керек. Ол негізі білім мен ғылымның күшінде болатын дүние",-дейді ҚР ҰҒА президенті, ұлттық құрылтай мүшесі Күнсұлу Закария.