Желіде қару ұстаған жігіттің видеосы тарады. Кадрда ол көлігінің жүк салғышынан қару алып жатқаны көрінеді. Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз ер адамның қолына қару тәрізді зат ұстап тұрғаны анықталды. Бұл бейнежазбаны Түркістан облысының полицейлері бірден назарға алып, жедел шараларды қабылдады", - делінген хабарламада.