Елімізде кадрлық ауыс-түйіс жалғасуда. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін ол түрлі жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген. Осы жылдың наурыз айынан бастап Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Сондай-ақ, Президент Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Марат Ахметжанов бұған дейін Ішкі істер министрі болды.
Жамбыл облысына да жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметті енді Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев атқарады. Ол бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі болды.
Ал, Асхат Шахаров Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Осыған дейін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы болған.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болды.