Мемлекет басшысы бүгін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Ол Президентке қаланың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп беріп, барлық негізгі экономикалық көрсеткіш бойынша оң динамика байқалатындығын жеткізді. Қабылдауда қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар құрылысының барысын айтты. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында келесі оқу жылында 90 мыңға жуық оқушыға арналған 24 мектеп салынады. Оның 15-і Есіл және Нұра аудандарында бой көтермек. Мемлекет басшысы қала әкіміне әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамытуды, жылу маусымына дайындықты және абаттандыру жұмыстарын жүйелі, тез әрі нәтижелі жүргізуді тапсырды.