Астанадағы Республика даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты үш күнге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, Астана қаласы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Республика даңғылы бойындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Осыған байланысты 8-10 қыркүйек аралығында Ж.Тәшенов көшесінен А.Иманов көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады",-деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау қажет екені ескертіледі.