Шымкент қаласында мемлекеттік органдарда қызмет етуден бас тартып жатқандар көбейді,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Жалпы соңғы екі жылдың ішінде атқарушы билік құрылымдарында еңбек еткен 139 мемлекеттік қызметкер жұмыстан кеткен. Оның ішінде 14 шенеунік сыбайлас жемқорлық әрекеттерге тәуекел етті деген күдікпен қызметінен қуылды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істер департаменті мәлімдеді.
Жайлы орынды тастап кетіп жатқандардың басым бөлігі өзге салада жүріп нәпақа айыруды жөн көрген. Тағы біразы отбасылық жағдайы және мекен жайының өзгеруіне байланысты қызметтерімен қош айтысыпты. Мемлекеттік қызмет органдарында кадрлардың тұрақтамауы әсіресе, қала әкімдігі аппараты мен білім беру және кәсіпкерлік басқармасында жиілеп кеткен.