Тарихи әрі тартысқа толы ЕУРО-2024 іріктеу ойынына байланысты Елорда әкімдігі қала тұрғындарына бүгін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді,- деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.
Өйткені көлік кептелісі туындауы мүмкін.
Ойын кешкі сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.
Демек Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдарына көлік саны шамадан тыс көп болуы мүмкін.
«Қоғамдық тәртіп, жол ережесін сақтау маңызды», - дейді қала әкімдігі.