Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдан Тель-Авивке рейс ашылды

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2023
  • 618

7 қыркүйек күні "Эйр Астана" әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына (бейсенбі және жексенбі) 2 рейс жиілігімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер ашты.

"Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді", - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.