Астанада бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтті. Маман іздеген 45 мекеме 750-ге жуық жұмыс орнын ұсынды. Қанша адам жәрмеңкеге жұмыс іздеп келді? Әріптесім Дәрібек Бахытбек тарқатып айтады.
Жәрмеңкеге келушілердің қарасы қалың. Әсіресе қызмет көрсету, медицина, білім салалары мамандарына сұраныс жоғары. Осымен алтыншы рет өтіп жатқан іс-шара еліміздегі жұмыссыздық мәселесін жоюға бағытталған. Жәрмеңкені ұйымдастырушылар жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін түрлі жағдайда қарастырған айтты.
Олжас ОМАР, ҚАЛАЛЫҚ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Жарнама жағынан біз жақсы жұмыс жасадық. Бұдан басқа жастарды өзіміз звандап, хабарласып шақырған болатынбыз. Және әрі бізге келетін жұмыс іздейтін кісілерге де звандап шақырдық. Біз әр түрлі мемлекеттік қолдаумен қамтыдық. Ол жастар практикасы болсын, қайта даярлау оқу болсын.
Қуаныш САТАР, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Қазіргі таңда біз осы мамандарды жастарды тарту мақсатында бізде заңға біршама өзгеріс енгізілді. Бұл жоғары оқу орнының түлектері яғни GPA бал 3,33 тен жоғары бітірген және мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бітірген жастар. Олар ауылдық және аудандық жерлерге конкурссыз орналаса алады.
Жәрмеңкеде 500-ге жуық адам екі қолға бір күрек іздеп келген. Олардың дені жастар. Айтуларынша бюджеттік қызметке кіру үшін кем дегенде 4-5 жыл еңбек өтілін сұрайды екен. Бірақ, сонда да түйіндемелерін ұсынған. Енді жақсы хабар күтеміз дейді.
БЛИЦ-ОПРОС:
- Оқу бітірдім химия ваканциясы бойынша, енді магистратураға түскем сол магистратурамен бірге жұмыс іздеп жүргем.
- Қазіргі таңда активна мұғалімдікке іздеп жатырмын. Астана қаласы бойынша барлық жерге бардым. Жаңа бітірген маман иесі болғаннан кейін көп жерге жұмысқа стажбен алады.
- Мен менханика инженері мамандығын аяқтадым. Қазір көргендеріңіздей резюмемді тастадым. Енді жақсы хабар күтем.
Айта кетейік, бас қаланың өзіңде 9 мың адам жұмыссыздыққа ресми тіркелген. Есепке алынбағаны қанша ма? Ұйымдастырушылардың айтуынша жыл соңына дейін тура осындай 3 жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр.