Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жеті жасында жүріп үйренген": сиқыршы Мұрат Мұтырғанов әкесі жайлы ел білмейтін құпияны бөлісті

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2023
  • 1309

Елімізге танымал сиқыршы Мұрат Мұтырғанов әкесінің ауыр балалық шағы жайлы айтты. "Осколки" подкастында өнер иесі әкесі Кәрім Мұтырғановтың жеті жасында жүріп үйренгенін баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Оның балалық шағы ауыр өтті. Бір жасында әпкелері құлатып алып, оның омыртқасы сынған. Құлатып алғанын әпкелері айтпаған. Тек екі жасында ғана омыртқасының сынғанын анықтаған. Оған дейін тек жылай берген. Екі жасынан жеті жасына дейін гипсте жатқан. Бес жыл бойы төсек тартып жатқан. Тек жеті жасында жүріп үйренген. Денсаулығындағы кінәратына байланысты интернетта өскен. Ол жерде әкемді тек емдеген. Сондықтан, ол жалғыз өсті деуге болады. Бала кезінде әкесі мен анасы ажырасып кеткен. Оның тек анасы ғана болған", - деді Мұрат Мұтырғанов.