Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы сәл арзандады

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2023
  • 1027

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен апта ішінде 0,1% төмендеді, ал жылдық мәнде 6,5% өсті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың 5 қыркүйектегі орташа бағасы:

Рожки – 316 тг/кг;

Қарақұмық – 331 тг/кг:

Күнбағыс майы – 770 тг/л.

Бюро мамандары баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отыратынын ескертеді.

«Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады», - делінген хабарламада.