Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жолдауды қолдау – әр азаматтың міндеті», - сарапшы

Цифрландыру ісінде инновацияның болуы – маңызды мәселе. Биылғы Жолдауында аталған салаға айрықша тоқталған Мемлекет басшысы «Елдің стратегиялық міндеті – Қазақстанды IT мемлекетке айналдыру» екенін айтты. Тапсырма берілді, енді оны орындау – бәрімізге ортақ міндет – дейді сарапшылар. Күшімізді бірлікке жұмылдырсақ барлық түйін тарқалатынына сенімді.

Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жолдауда цифрлық даму туралы көп айтылды. Ең маңызды мәселенің бірі де – осы. Цифрландыру барлық салаға қатысы бар тақырып. Мәселен, Президент жасанды интеллектті дамытуды тапсырды. Бұл да үлкен жұмыс. Ауылшаруашылығын цифрландыру керек екенін айтты. Сондай-ақ, су тапшылығын осы сала арқылы ретке келтіруге болатынын мәлімдеді.

Абылайхан ӘБДІРӘШ, «МЕДИЦИНА ЖАСТАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президентіміздің бұл жолғы Жолдауы біздің жаңа жетістіктерге бастау болады десек те болады. Оның ішінде өзім ерекше назар аударған бағыттардың бірі – «Келешек» бағдарламасы. Яғни 5 жастан асқан балаларға, жастарға еріктілердің біріңғай жүйесін енгізу. Оларды премиямен ынталандыру мақсатында керемет бастамаға жолдады.

Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақ армиясы заманауи болу керек. Қазақ армиясы қандай да сын болса оған төтеп беруге, тойтарыс беруге дайын болу керек екенін басып айтты. Бұл жұмыс кеше басталған жоқ, әрине. Осыған дейінде жұмыстар жалғасып жатыр. Бүгіннің өзінде біздің комитеттің талқысында, қоржынында армияға қатысты 4 заң жатыр. Ол ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша, әскерилердің әлеуметтік мәселесін күшейту бойынша, әскери патриоттық тәрбие бойынша.