Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысының командасы "Ұлы дала жорығы" сайысынан шығып қалды

"Ұлы дала жорығы" сайысынан Батыс Қазақстан облысының командасы да шығып қалды. Олардың жылқылары тым жас, әрі болдырып қалған. Ал, Шымкент, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының бір-бір шабандоздары да ойыннан шықты. Үшінші кезеңде жамбылдық топ жарды. Екінші Маңғыстау облысы, үшінші болып Жетісу шабандоздары келді. Енді 17 команда жарысты жалғастырады. Айта кетейік соңғы меже – Түркістан қаласында. «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесіне "AMANAT" партиясы, JORYQ ат спорты федерациясы, Туризм және спорт министрлігі қолдау көрсетуде.