Ақтөбеде скутер тізгіндеген адам жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz.
8 қыркүйекте Ақтөбеде Жиенбаев көшесінде жол апаты болды. 30 жастағы скутер жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 42 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды.
Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.