Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қарт адамды кемсіткенде шыдай алмадым". Автобуста зейнеткерге араша түскен қыз марапатталды

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2023
  • 724

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 15 жастағы Жаннұр Нұржанға қоғамдық көлікте қарияға көмек көрсету кезіндегі мейірімділігі, батылдығы үшін грамота мен естелік сыйлық табыс етті, - деп хабарлайды Massaget.kz. 

"Сіз түсірген видеоны әлеуметтік желіден көрдім және көп алматылық сияқты бұл оқиға мені де бей-жай қалдырмады. Бір жағынан, жолаушылардың әрекетіне қынжылдым, ал екіншіден, сіздің әрекетіңізге риза болып, өзіңізбен мақтандым. Ересек адамның өзі мұндай қадамға барып, көпшілікке қарсы тұруға батылы бармас еді. Біздің Президентіміз айтқандай, Әділетті Қазақстанды жауапты әрі адал азаматтар ғана құрады. Сіз жоғары жауапкершілік таныттыңыз. Мұндай жастар барда, болашаққа деген сенім бар", - деді әкім кездесуде.