Русский Сайттың толық нұсқасы

"Домбыра - харам". Ақын Айшолпан Тілеутай ұлттық аспапқа қатысты даулы пікір айтқандарға жауап берді

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2023
  • 853

Әлеуметтік желіде оранған қыздың домбыра тарту күнә деп айтқан бейнежазбасы тарады. Аталмыш видеоға қатысты белігілі айтыскер Айшолпан Тілеутай пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Ақыретте ұлтымызбен, ұлтшылдығымызбен өтпейміз, иманымызбен, некемізбен өтеміз. Мен домбыраға 5 жыл қатыстым. Домбыра тартқаным YouTube желісінде бар. Мектеп кезінде дін туралы білген жоқпын. Күні кешеге дейін домбыра тарттым. Бірақ домбыра – харам. Жүрекке тиді, кір екенін білінеді", – дейді видеодағы қыз.