Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай аумағында жер сілкінді

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2023
  • 674

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 9 қыркүйекте сағат 02:55-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 601 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.3. Магнитудасы MPV 4.4. Эпицентр координаттары 40,91° солтүстік 83,47°, шығыс. Тереңдігі – 5 км. Cезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) түскен жоқ», - делінген хабарламада.