Русский Сайттың толық нұсқасы

Мына жұлдыз белгілері күзде махаббатын жолықтырады

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2023
  • 762

Астрологтар қыркүйектің соңына дейін маңызды адамын кездестіретін жұлдыз белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Rbc.ua-сілтеме жасап.

Тоқты

Күз Тоқтыларға суық емес, жылу сыйлайды. Көп ұзамай сіздің жақыныңызға айналатын адамды кездестіресіз. Ол сізді батылдығымен таңғалдырады. Тоқтылар тәуекелге барса, оларды болашағы бар роман күтіп тұр.

Шаян

Бұл жұлдыз белгісінің өкілдері күзде назарсыз қалмайды. Олар қыркүйектің соңына дейін жаңа және қызықты таныстар табады. Егер өмірлік серігіңізді іздеп жүрген болсаңыз, жаныңыздан табылатын адамнан тұйықталмауға тырысыңыз. Тәуекелдерді есептеуді доғарсаңыз, махаббатта жолыңыз болады. Серігіңіз қазір айналаңызда жүрген болуы мүмкін.

Арыстан

Жалғызбасты Арыстандар көптен бері махаббатты армандап жүр, оларға осы күзде сәйкес адамын жолықтыруға мүмкіндік туады. Бұл кездейсоқ кездесу болмақ.

Сарышаян

Тұрақты қарым-қатынасты аңсап жүрген Сарышаяндар үшін күз қолайлы кезең. Айналаңыздағы адамдарға аса мән беріңіз.