Русский Сайттың толық нұсқасы

Мароккода үш күндік қаралы күн жарияланды

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2023
  • 731

Мароккода күшті жер сілкінісі салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тапқаннан кейін елде үш күндік қаралы күн жарияланды.

Euronews хабарлауынша, табиғи апаттан зардап шеккендер саны әлі де артуы мүмкін. Қазіргі кезде үйінділерді аршу жұмыстар жалғасып жатыр.

Елдің король сарайынан хабарлағандай, ту үш күн бойы жартылай төмен түсіріледі.

Жексенбіге қарай құтқарушылар ең көп зардап шеккен аудандарға жетті, ал тау баурайындағы бірқатар елдімекен мүлдем байланыссыз қалды.

Үш күндік қаралы күн жариялаған елге дүниежүзінің көптеген елі өз көмегін ұсынып жатыр, оның ішінде бұрыннан жалғасып келе жатқан аумақтық дауға және дипломатиялық байланыстардың үзілгеніне қарамастан, Алжир де гуманитарлық ұшақтар үшін өз әуе кеңістігін ашуға уәде берді.

Еске салайық, Марокконың Марракеш қаласында 9 қыркүйекке қараған түні болған 7 балдық жер сілкінісі ел тарихындағы соңғы ғасырдағы ең ірі жер сілкінісі болып тіркелді.

Зілзаладан қаза тапқандар саны 2 122, жараланғандар саны 2 420-ға жетті.