"Біз біргеміз". Осындай ұранмен Елордада неміс мәдениетінің республикалық фестивалі өтті. 2 күнге созылған шараға еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын ұлт өкілдері қатысып, салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарымен таныстырды.
Елімізде 226 мыңнан астам неміс этносының өкілі тұрады. Бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Биыл 11-ші рет ұйымдастырылған фестивальға 300 ден астам адам қатысты. Этноауыл салынып, ерекше көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Марат ӘЗІЛХАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Астанаға бүкіл өңірлерден неміс этносының өкілдері жиналып, мәдениетін, тілін, өздерінің өнерін дәріптеп, көрсетіп үлкен бағдарлама аясында екі күндік шаралар өтетін болады. Олар елімізге 100 жыл бұрын келіп, елімізді мекендеп, қазір біздің халқымызбен сіңісіп, еліміздің дамуына өздерінің үлесін қосып жатыр. Барлық салада.
Германия мен Қазақстан арасында түрлі салалар бойынша серіктестік нығайып келеді. Ал, еліміздегі неміс диаспорасын екі елдің алтын көпірі деуге болады.
Евгений БОЛЬГЕРТ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Қазақстандық немістер еліміздің экономикасына қосып жатқан үлесін көрсеткісі келеді. Бұл жерде бизнесмендер бар. Еліміздің ертеңі жастар бар. Біз Қазақстан Ассамблеясында ең көп үлесті аламыз. Менің ойымша бұл шара жалғасын табады. Және қоғамның қызығушылығы артады деп сенемін.
Дәстүрлі фестивальға тек немістер ғана емес, кәріс, шешен тағы басқа этнос өкілдері де атсалысты. Бұл -бір тудың астына біріккен бірнеше ұлттың тату-тәтті өмір сүріп жатқанының белгісі.
Дәурен БАБАМҰРАТ, ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Әрбір мәдениет, әрбір өнер біз үшін өте маңызды. Және бұл жерде шығармашылық үйірмелер өздерінің өнерлерін көрсетеді. Және ең бастысы бұл азаматтардың басын біріктіреді. Отанымыз қазақ елінің дамуына әркім өз деңгейінде, өз бағытында және өз мүмкіндігіне сай үлес қосады.
Дәстүрлі фестиваль алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі жиын Алматы қаласында өтеді.