Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ұлы дала жорығынан" Ақмола, Павлодар облыстарының шабандоздары шығып қалды

"Ұлы дала жорығының" үштен бірі артта қалды. Шабандоздар Ұлытау өңірін басып өтті. Ақмола, Павлодар облыстарының шабандоздары жарыс жолынан шығып қалды. Ақмолалықтар тек қыздардан құралған. Ал, Павлодар құрамасының аттары болдырып қалды. Бұған дейін екі команда жарыстан шыққан болатын. Енді дүбірлі доданы 13 команда жалғастырады. Шабандоздар күніне 100 шақырымды артқа тастауда. Осылайша жарыс 19 қыркүйекте Түркістанда өз мәресіне жетеді.