Русский Сайттың толық нұсқасы

"Өмірімнің келесі кезеңі, қош келдің". Әнші Роза Әлқожа құпиясын бөлісті

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2023
  • 1049

Желідегі парақшасында жазбасын бөліскен Роза Әлқожаның қуанышына ортақтасқандар көп, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бірнеше суретті қатар жариялаған әнші "Өмірімнің келесі кезеңі, қош келдің!" деп жазба қалдырған.

Жазбаның астына әншінің достары "Құтты болсын,Розка! Көзді ашып-жұмғанша деген осы екен ғой. Бақытты болсын, балалар!", "Айеке, Розка, құда-құдағи болғандарың құтты болсын! Алла жақсылығын берсін. Жастар бақытты болсын!", "Ооо, керемет! Құдағи болуыңмен! Балаларыңның бағы баянды болсын!" деп жазба қалдырған. Әншінің үлкен ұлы Бейбарыс келін әкеліп, ата анасын қуантпақ.