Русский Сайттың толық нұсқасы

"Екеуіне не жетпейді?". Ене мен келіннің реніші желіні шулатты

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2023
  • 1284

Әлеуметтік желіде енесімен ренжіскен келіннің татуласу үшін көрсеткен видеосы желіні шулатты. Бейнежазбаны seitova_dii атты қолданушы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видеоға 50 мыңнан астам лайк басылып, 9000-ға жуық пікір жиналған. Бейнежазбада келін енесінің ашуланып, екі күн бойы бір-бірімен сөйлеспегенін жазды. 

"Барынша әңгіме тартып жатырмын. Сөйлеспей жүргенімізге екі күн болды. Бұдан артық шыдай алмадым. Видеоны теледидармен қойғым келді, бірақ біздікі алынбайды екен. Енем мұны көріп, көңілі босады. Сөйтіп, татуластық", - деп жазды ол.