Әнші Абай Бегейдің ұлы өз сүйіктісіне сөз салды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасына айтып, жариялады.
"Аллама Шүкір! Ұлым үлкен өмірге қадам басып жатыр. Жастар бақытты болсын", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің қуанышты жаңалығына жылы лебізін жаудырды.
"Жастар бақытты болсын", "Құттықтаймын", "Екеуі ұқсайды екен", "Жақсы жігіт екені көрініп тұр. Көз тимесін", "Қыздарыңызға ұқсайды", "Қуаныш ұзағынан болсын", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Абай Бегейдің зәулім үй тұрғызғаны туралы жазған болатынбыз. Жер үй салуға өнерпаз қанша қаражат жұмсады? Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.