Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқаев шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын жүлдесімен құттықтады

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2023
  • 632

Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын Польшада өткен командалық әлем чемпионатында күміс медаль ие болуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, бұл – еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға.

Шахматтан Қазақстан құрамасын әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында тұңғыш рет күміс медальға ие болуымен құттықтаймын! Бұл – еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға. Байрақты бәсекеде қыздарымыз асқан шеберліктің және жеңіске деген шексіз ерік-жігердің озық үлгісін көрсетті. Сіздердің тамаша жетістіктеріңіз шахмат спортын жан-жақты дәріптеп, өскелең ұрпақтың оған деген қызығушылығын арттыра түсетіні анық. Мемлекет адамның ой-өрісін жетілдіретін бекзат өнерді дамытуға барынша қолдау көрсете береді. Еліміздегі кәсіби және әуесқой шахматшыларға тек жарқын жеңістер тілеймін! – деп жазды президент өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан шахматшылары 2023 жылғы командалық әлем чемпионатында бірнеше рекорд орнатты.