Шамалған станциясын айналып өтетін жол биыл іске қосылады. Көлік министрі Марат Қарабаев мердігерге осындай міндет жүктеді. Бұдан өзге, ведомство басшысы «Сарыөзек-Көктал», «Талдықорған-Үшарал», «Үшарал-Достық», «Қалбатау-Майқапшағай» және басқа да республикалық маңызы бар автожолдар учаскелерінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмысын тексерді.
Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ:
Қалбатау - Майқапшағай жолы. Көкбектіге дейін сол жолдан өттік. Жолын қарадық. Әрине ол жақтың жолы мына Талдықорған мен Өскемен жолына қарағанда әлдеқайда құрылысы кеш болып жатыр. Мердігер компанияның алдына нақты бірнеше мәселе қойдық. Қыста енді жұмысқа жақсылап дайындалып, келесі жылы жұмыстың ауқымын қарқындату.