Таиланд үкіметі Қазақстанмен арадағы 30 күндік визасыз режимді мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Визасыз режим 2023 жылдың 25 қыркүйегінен 2024 жылдың 29 ақпаны аралығына арналған.
The Reporters басылымының мәліметінше Таиланд туризм және спорт министрі Судван Хоуп Суфакикосон осы арқылы елдің табысын артатынын айтқан.
Сонымен қатар мұнда Қытай азаматтары үшін де визасыз режим енгізілген.
Министрдің пайымдауынша қабылданған шаралардан кейін Таиландқа келетін туристер саны 30%-ға артады.