Русский Сайттың толық нұсқасы

"TALQYLAU" сарапшылары Жолдауды талқылады

«Президент өз Жолдауында қоғамдағы барлық өзекті мәселені қозғады». 

"AMANAT" фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев "TALQYLAU" диалог алаңында осылай деді. Ол ең төменгі жалақы көлемінің өсуі халық тұрмысын көтеретініне сенімді. Бұған дейін "AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Жолдауды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырған еді. Президент айтқан проблемаларды шешуге атсалысуды тапсырды. Осыны ескерген партиялықтар бүгін қызу талдау жасап, өз пікірлерімен бөлісті.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Тура осыдан үш жыл бұрын қоғамдағы ең үлкен резонанс тудырған сұрақтардың бірі ең төменгі жалақы мәселесі болды. 42500 теңгені біз пандемияда алған азаматтардың тарапынан, шынтуайтында, сенімсіздік білдіріп, бұл не деген төмен жалақы деген ұсыныстар енгізілген болатын. Енді оны сол кездегі Мемлекет басшысының өзінің уәдесі. Оны кемінде 2 есеге көтеру мәселесін біз осы жолдауда естігін болатынбыз.