"Ұлы дала жорығының" сегізінші кезеңі аяқталды. Шабандоздар Қызылорда облысының аумағына жетті. Мәрені алғашқы болып Ақтөбе, екінші Алматы, үшінші астаналықтар кесті. Қатысушылар тын атқа ауысқалы жарыс қыза түсті. Осылайша олар 19-ы күні Түркістанға жетеді. Айта кетейік, алдынға кезеңдерде жарыстан шығып қалған кейбір команда мүшелері Түркістанға жеке-дара жетуге ниетті. 1300 шақырымды бағындырған жағдайда оларға арнайы ынталандыру сыйлығы да қарастырылған.