Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстанда қаза болған науқастар туберкулезге қарсы ФС-1 препаратын қолданбаған

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2016
  • 2637

Қырғыз Республикасында қаза болған науқастар  ФС-1 деп аталатын туберкулезге қарсы қазақстандық препаратты қолданбаған. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз жиынында инфекцияға қарсы ғылыми орталықтың мамандары айтты.

Еске салсақ, көрші елде аталған препаратпен заңсыз клиникалық сынақ жасағаннан кейін 2 адам көз жұмды деген ақпар тараған. Осыған орай қырғыз прокуратурасы ұлттық фтизиатрия орталығы мен дәрімен қамтамасыз ету департаменті мамандарына қатысты қылмыстық іс қозғаған. Алайда, қырғыз дәрігерлері жасаған қорытындыда екі науқастың құрт ауруының асқынуынан өлгені көрсетіліпті.

Марат Құлманов, «Инфекцияға қарсы дәрі-дәрмектердің ғылыми орталығы» АҚ ғылыми жетекшісі:

Дәрілерді қолданатын топ бар және қолданбайтын топтар бар. Алайда науқастар бұл туралы білмейді. Біздің әр қадамымыз бақылауда. Әрбір келісім халықаралық стандарттарға сай жасалған деп айта аламын. 

Дәуренбек БАҚДАУЛЕТ