Русский Сайттың толық нұсқасы

«Өзге пікір» айдары

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2016
  • 2163

Қазір Марат Ерназарұлы жүргізетін «Өзге пікір» айдары.

Ассалаумағалейкүм! 

 Қазақстанда қолданыста болған көліктердің сатылымы артқан. Әсіресе зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан автокөліктерге сұраныс жоғары екен. Ал сарапшылар салондардағы жаңа техниканың сатылымы мен шетелден келіп жатқан жаңа лектің төмендегенін айтады. Қолда болған көліктердің сатылымында әдеттегідей, «Toyota» маркасы көш бастап тұр. Одан соң «Lada», «Audi 100», «Opel Vectra» және «Mazda» сынды көліктер көбірек сатылған. Яғни адамдар ақшаларын барынша үнемдеп жатыр деген сөз. Салоннан су жаңасын мінуге қалта көтермейді...

Пікірлер:

Калигула:

Міне, отандық көлікті қолдау саясатының нәтижесі.

Қонақ:

Румыниядан таныстарымыз келді. Олар сондай да бай мемлекет емес. Бірақ біздегі ескі көліктердің көптігін көріп шошыды. Сендерде сонша кедей тұрады деп ойламаппыз, бізде жұмыссыздардың өзі әлеуметтік төлемдер арқылы көлік ала алады, - дейді.

Friend:

Халық қымбат «отандық» көлікті алмайды.

Алекс:

Премиум класстағы көліктердің сатылымы түскен жоқ. Бұл байлар байыған үстіне байып, кедейлер кедейлене түскен заман.

Арлан:

Біздің Үкімет халықпен бірге емес, олар  басқа әлемде тұрады. Сондықтан біз қалдықтарды мініп жүрміз.

Юго:

Халықты салықтармен тұншықтырып қойды. Жұрттың қалтасы түпсіз терең емес қой, жаңа көліктерді алуға.

Тақырып:  «Люкс» депутаттар

Халық ескі көлік мініп амалдап жатса, Парламенттің су жаңа депутаттары үнемдеудің не екенінен хабарсыз сияқты. Олар қызметтік көліктері дайын болғанша Астанадағы бес жұлдызды «Пекин палас» қонақ үйінде тұрып келді. Бюджеттің ақшасына әрине. Депутат Айқын Қоңыровтың айтуынша, бұрынғы мәжілісмендер тұрып кеткен пәтерлерге  жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек екен, ақталып, сырланып дегендей. Ал депутаттар үшін люкс қонақ үйдің стандартты нөміріне жеңілдіктер жасалып, тәулігіне 50 мың теңгеге берілген. Ақпарат құралдарына қонақ үй бас менеждерінің көмекшісі атаған, бұл соманы. Алайда кейбір дереккөздер халық қалаулылары тұрып жатқан бөлмелер тәулігіне 120 мың теңге тұратынын жазды. Парламенттің шаруашылық бөлімі мұны жоққа шығарды. Олардың ақпаратынша, әр депутаттың нөмірі үшін тәулігіне бюджеттен «не бары» 29 мың теңге төленеді екен. Қонақүйге 31 депутат жайғасқан. Сандарды көбейтсек, тәулігіне 899 000 теңге шығын шығады. Бюджеттен.  

Пікірлер:

Қонақ:

Шіркін, адамдар өмірдің рахатын көріп жүр-ау. Қарапайым пәтер алуға болмады ма. Астанада айына 20 000 - 30 000 теңгелік толық жабдықталған пәтерлерді табуға болады. 

Тақырып бойынша:

Күніне 120000 сұмдық! Мен бір ай өліп-талып жұмыс істеп, 80000 теңге табамын.

Aйгүл:

Ұяты бар депутат, қазіргі қиын жағдайды түсінсе, ондай қымбат нөмірлерде тұрудан бас тартар еді.

Тим:

Қандай жақсы, біздің ақшаға тәулігіне 100 000 теңге төлеуге болады. Өз ақшасына солай тұрар ма еді? Бірден арзан пәтер тауып алар еді ғой.

1973:

Депутаттар, өздеріңізді аямайсыздар ғой, тек халықтың жағдайын ойлайсыздар.))

Қайырлы күн:

Депутат болғым келеді!

Бізге пікір алуандығы керек. Пікір білдіруден шаршамаңыз! «Өзге пікірге» сіздің пікіріңіз керек!