Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы өзіне-өзі қол салды

Ақтөбеде 11-сынып оқушысы өзіне-өзі қол салды. Жасөспірімнің жақындары оны көрші үйдің сарайында асылып тұрған күйінде тапқан. Жасөспірім 12 қыркүйек күні кешке үйінен шығып кеткен. Содан хабар ошарсыз қалыпты. Ата-анасы Ербатырды іздеп таба алмаған соң полицияға хабар берген. Достары, ұстаздары, еріктілер іздеп таба алмаған. Ертеңіне оқушы өлі табылды.

Ерболат САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 105 бабы өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша сотқа дейіңгі тергеп тексеру жүргізілуде. Жасөспірімнің өз-өзіңе қол жұмсау себебі анықталуда.

Ербатыр көпбалалы отбасының кенжесі. Сабақтан қалмай, қоғамдық өмірге белсенді қатысқан. Спортпен шұғылданып, сабақ үлгерімі де жақсы болған. Мектепте сыныптастарымен, достарымен ешқандай келіспеушілік болмаған көрінеді.

Айсұлу ЖАҚСЫБАЕВА, №8 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Оқу басталғалы өзі екі апта сабақтан қалған жоқ. Тұрақты сабаққа келіп жүрді. Бала өте ашық, жарқын болды. Осы мектепте ашылғалы бастап оқып жатыр. Қазір 11 класс оқушысы. Өте ашық, үлгерімі жақсы. Жан-жақты бала болды.