"Амаnат" партиясы елордада салынып жатқан жол құрылыстарын бақылауға алды. Партия мүшелері сапаны тексеріп қана қоймай, мердігерлердің жұмысты дер кезінде тапсыруын да қадағалайды.
Ертіс көшесінің құрылысы азаматтардың өтінішінен кейін «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілді. Енді оның сапалы болуын партия мүшелері қадағалайды. Қажетті қаржы толық бөлінген. Сондықтан биыл барлығы дайын болуы керек деді партия хатшысы Ержан Жылқыбаев.
Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Партия Төрағасы Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша, партияның Сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру бойынша жол картасына енген Астана қаласындағы барлық нысандарды аралап жатырмыз. Мен екі жерде болдым. Бұл жолдар биыл аяқталуы керек, ақша 100% бөлінген.
Мердігерлер жол құрылысының қарқынды жүріп жатқанын айтады. Жоспар бойынша қыркүйек айының соңында аяқталады.
Қайратхан ӘШІРБЕКОВ, ПРОРАБ:
Бірінші кезең , Хантау мен Шәкәрімнің екі ортасын салдық. Енді биыл Шәкәрім мен Қобыландының екі ортасын бітіреміз. 860 метр.
Айдар Забировтың осы көшеде тұрып жатқанына 20 жылдан асқан. Айтуынша, мұндай күрделі жөндеу алғаш рет жасалып жатыр.
Айдар ЗАБИРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Үлкен рахмет. Жұмыс жоғары сапалы деңгейде аяқталды. Партиялықтар келді, қарады, халықтың тілегін тыңдады.
Партиялықтар елорда тазалығына жауапты «Астана Тазалық» мекемесінің қызметкерлерімен де жиын өткізді. Бұған дейін «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов ұжыммен кездескен болатын.
Владимир ПСЯКО, САРЫАРҚА АУДАНЫ БОЙЫНША «АСТАНА ТАЗАЛЫҚ» ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Мұндай кездесулер пайдалы, бұл халықпен кездесу, халық биліктегі өкілдерін естиді. Ал партия мүшелерін, былайша айтқанда, қарапайым халықтың өмірі қызықтырады. Адамдар сұрақтар қояды, белгілі бір мақсаттар болады. Содан кейін бұл мақсаттар жүзеге асырылады.
Партия мүшелері сайлауалды бағдарламаның барлық бағыты ерекше назарда болатынын айтты.