"Ұлы дала жорығында" төрт ат әлемдік рекорд орнатпақ. Яғни, Астана, Маңғыстау, Жетісу, Қостанай облыстарының шабандоздары 650 шақырымды жүріп өткен аттарымен Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды бағындырмақ. Бұл төрттікке төрешілер "Рекорд" деген атау беріп, арнайы 13-інші команда ретінде тіркеп, нәтижелерін күнделікті белгілеп отыр. "Рекорд" командасының жігіттері діттеген мақсатына жетсе, келесі жылғы жорыққа "Гиннес" рекордтар кітабының өкілдерін шақыртпақ. 1300 шақырымды 1 атпен аз уақытта еңсерген азаматтар мен қазанаттар да рекордтар кітабына енбек. Бұндай бұрын соңды болмаған. Жарыстан әзірге Жамбыл облысы ығысып қалды. Бірақ олардың шабандоздары да Түркістанға дейін жеке-дара бармақ. Айта кетейік, алда 5 кезең, яғни 450 шақырым қалды.