Русский Сайттың толық нұсқасы

"Әкелері ойнатады". 4 ұлымен филиппиндікке тұрмысқа шыққан қазақстандық ерекше видео жариялады

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2023
  • 613

Жаным баклажаным лақапатымен танымал блогер Айдын Тоқсанбаева төрт баласымен филиппиндік азаматқа тұрмысқа шыққан. Ол әлеуметтік желіде отбасылық бақытты сәттерінің видеолары мен суреттерін жариялап отырады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, жұбайын кездестіргелі Аллаға деген махаббаты еселеп артқан.

"Майкты кездестіргелі Аллаға деген махаббатым қаттырақ болғандай, шүкіршілік арқасында. Пока мен балаларды бір-бірден тістерін, көтендерін жуамын, әкелері ойнатады. Жай ғана осы тікелей эфир сақталынып тұрсын. Балаларым өскенде көрсетемін", - деп жазды ол.

Блогер жариялаған видеода жұбайы мен балаларының бірге кітап оқып отырғаны көрінеді.

Желі қолданушылары жылы көрініске жақсы лебіздерін жазған:

Қазақтың ер азаматтары да баламен осылай айналысса ғой, біраз өзгеріс болатын еді Қазақстанда;

Керемет, қазір туған әкеден бұлай жылулық көрмей жүрген балалар бар;

Сенде мүмкіндік болды, сен балаларыңа жақсы әке таңдадың, жарайсың;

Көз тимесін, балаларыңмен бақытты ғұмыр кешіңдер;

Жандарым балапандар, қайда жүрсеңдер де аман болыңдар. Алла бақтарыңды ашсын;

Керемет, осындай әкелер көп болсын.