Русский Сайттың толық нұсқасы

Жылқы жолға шауып шыққан

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2023
  • 812

Жетісу облысында жолға шауып шыққан жылқы адам өліміне себеп болды, - деп хабарлайды Massaget.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 15 қыркүйекте таңертең Алматы - Өскемен тасжолының 136-шақырымында болған.

Honda Element автокөлігі жол апатына ұшыраған. Көлік жолға кенет шауып шыққан жылқымен соқтығысқан.

Оқиға орнында көлік салонында болған 44 жастағы жолаушы қайтыс болды. Қазір полицейлер жылқының иесін анықтау үшін шаралар жүргізіп жатыр.