Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалған ақша жасап келген ерлі-зайыптылар сотталды

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2023
  • 724

ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаменті екі шымкенттікке қатысты 4000 еуро сомасында жалған ақша қаражатын (номиналы 500 еуро банкноталар) сату фактісі бойынша істі аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін, 2021 жылы қала банктерінің бірінің қызметкерлері алдын ала сөз байласу арқылы банк клиенттеріне жалпы сомасы 4 000 еуро жалған ақша купюраларын сатқан.

Аталған факт бойынша тергеу жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша банктің 5 қызметкері кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Банк қызметкерлеріне жалған купюралар берген азамат халықаралық іздестіруге жарияланып, ағымдағы жылдың наурыз айында ол Швецияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Маусым айында күдікті мен оның жұбайына қатысты іс сотқа жіберілді. Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытуға және қолма-қол ақшаны мұқият қайта санап алуға шақырады. Егер сіз жалған ақша тапсаңыз, ең бастысы - оны сатуға тырыспаңыз. ҚР ҚК 231-бабына сәйкес өз қаражатын қайтарып алуға деген ұмтылыс қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін. Егер сіз жалған купюраны тапсаңыз, дереу тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне немесе ҚР ҚМА call-орталығына хабарласыңыз.