Русский Сайттың толық нұсқасы

"Анасы ерте қайтыс болған": Азия ойындарына баратын ең жұмбақ боксшы қыз жайлы не білеміз

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2023
  • 750

Қытайдағы Азия ойындарында бокстан әйелдер командасының мүшесі Наталья Богданова сынға түседі. 66 келідегі спортшы құрамадағы ең жұмбақ спортшылардың бірі, деп жазады Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Петропавлдық боксшы Қытайдағы Азия ойындарында алғаш рет Олимпиада жолдамасына таласады.

"Шын мәнінде, мен өте қарапайым отбасыда туып-өстім. Бай емеспін. Боксты жақсы өмірден таңдап алғаным жоқ. Жанұям - менің барым. Мен өзіме сенемін, жақсы нәтижелерге қол жеткіземін деп ойлаймын. Отбасым да маған ерекше сенім артады", - дейді Наталья.
"Олардың анасы ерте қайтыс болды. Оларды біз тәрбиеледік. Ол кішкентайынан бірге біздің қасымызда. Біз тәрбиеледік, өсірдік. Сондай ақылды қыз бой жетті. Біріншіден, Наталья алдына сенімді мақсат қойған. Ойлаған мақсатына жету үшін тынбайды. Ол барлық жетістікке жетеді деп ойлаймын", - дейді спортшының әжесі Людмила.

Натальяның ең үлкен арманы - әлемдегі нөмірі бірінші боксшы атану. Ал жеке бапкері Дастан Қабденовтің айтуынша, ол өте тәртіпті, еш артық сөзі жоқ спортшы.

"Ең бірінші көргенде-ақ оның еңбекқор екенін байқадым. Еш артық әңгімесі жоқ. Алға мақсат қойып, соған қарай жүреді. Ол қазір жақсы формада. Физика, тактика жағынан енді жетілді. Құрамадағы көшбасшыларды ұтып жүр. 66 келідегі бәсекелестік жоғары деңгейде. Солардың бәрімен кездесіп, өзінің нөмірі бірінші екенін дәлелдеді", - дейді бапкері.