Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Comic Con фестивалі өтіп жатыр

Голливуд жұлдыздары Астанаға келді. Елордада халықаралық Comic Con фестивалі өтіп жатыр. Бағдарламасы бай шараның қонақтары үш күн бойы сүйікті кейіпкерлерімен жүздесе алады. Іс-шара барысында косплей байқауы да ұйымдастырылады. Оның жүлде қоры – 10 миллион теңге. Ерекше жиын туралы келесі сюжетте.
Фестивальдің басты қонақтары - хедлайнерлер. Бұл әлемдік деңгейдегі актерлер, «Галактика сақшылары» жұлдыздары - Шон Ганн мен Майкл Рукер. Шара барысында жұлдыздар қонақтармен жеке сөйлесіп, естелікке қолтаңбасын береді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Қандай образ сізде? - Сенгюшигами. Себебі бұл менің любимый анимем.
- Иван Гелион деген анимеден. Роботтың аты - Ева-01. - Өзіңіз істедіңіз ба? - Иә. - Қанша уақыт кетті? - 1 аптадай.
- Аниме кейіпкерімін. Маған қазір сөйлеу өте қиын. Бірақ әдемілігі үшін шыдауға болады.
- Мен сериал "Солдат" персанажымын.
 «Comic Con Астана» халықаралық фестивалі екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғаш рет 2019 жылы өтті. Биылғы фестиваль қызыққа толы болады дейді - ұйымдастырушылар.

Бексұлтан ӘБДІРАХМАНОВ, «COMIC CON АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Фестивальде осы жылы өте көп қонақ бар. 60-70-тен астам шақырылған блогерлер бар. Комикс, кино тематикасына арналған, ойындар тематикасына арналған Қазақстандық, шетелдік блогер ретінде аккредитациядан өткен 200-ден астам бөлек блогерлеріміз бар.
Фестивальге 70 мыңнан аса қонақ келді. Шара барысында келушілер тек шоу бағдарламаларды тамашалап қана қоймай, 3 Д форматындағы анимациялық дүниелерді үйренуге мүмкіндік алды.

Наталина СЕРГЕЕВНА, «COMIC CON АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ БАС ПРОДЮСЕРІ:
Біз бұл жобамен мақтанамыз. Алғаш 2019 жылы өткіздік. Арда 4 жыл өтті. Осы күнді қатты күттік. Биыл алғашқысына қарағанда көп ерекшеліктер болады. Ауқымы да кеңейді. Іс-шараның қонақтары Сергей Горошко, Александр Сетейкин, Матвей Лыков, Олег Трофим, Артем Габрельянов және Михаил Китаевты қоса алғанда, «Мажор найзағай: ойын» фильмінің авторлары болады. Олардың жанкүйерлермен кездесуі ұмытылмас сәтке айналады деп ойлаймын.
Шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 150-ден аса автор келді. Олар өз өнімдерін жарнамалап, тұсаукесерін де өткізеді. Ең бастысы, фестивальге келген жанкүйерлердің сүйікті қаһармандарының рөлін сомдап, 10 миллион теңге ұтып алуға мүмкіндігі бар.