Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қазтелерадио" телеарналардың хабар таратуының уақытша тоқтауы туралы түсініктеме берді

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2023
  • 602

"Қазтелерадио" телеарналардың хабар таратуының уақытша тоқтауы туралы түсініктеме берді,-деп хабарлайды Astana TV.

 KazSat-3 спутнигіндегі штаттан тыс жағдайға байланысты қазақстандық және шетелдік телеарналардың бір бөлігі OTAUTV пакеттерінде қолжетімсіз болды, деп хабарлады "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі. 

"Қазіргі уақытта "Қазтелерадио" АҚ ғарыштық байланыс орталығымен бірлесіп KazSat-3 жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте KazSat-2 пайдаланатын мемлекеттік телеарналар штаттық режимде таратылады. Барлық 567 радиотелевизиялық станция KazSat-2 резервтік спутнигінен телевизиялық арналарды қабылдайды және Қазақстан Республикасының барлық аумағына хабар таратады", - делінген хабарламада.