Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы Жұмыспен қамту орталығының мамандары 370 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2023
  • 759

Алматы қаласының прокуратурасы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын тексеру қорытындысы бойынша «Еңбек» бағдарламасы арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазды NEGE.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарды жалған жұмысқа орналастыру, жалақыны жинау және жұмысқа орналастыруға жатпайтын адамдардың есеп шоттарына ақша аудару арқылы, жұмыс орындарын субсидиялауға бөлінген 370 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. Қылмыстық іс арнайы прокурорлармен тергеліп жатыр.