Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жастар рухы" Жастар Қанатының белсенділері халықаралық лагерьге аттанды

Елдің түкпір-түкпіріндегі белсенді жастар халықаралық лагерьде бас қосады. Бұл демалысқа "AMANAT" партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты мен ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтар барады. Олар 4 күн бойы түрлі сайысқа қатысып, семинарлар арқылы білімдерін жетілдіреді. Тәжірибе алаңы жаңа мүмкіндікке жол ашатынына сенімді.

Әсет БАЙМҰРЗА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Халықаралық дәрежеде болатын болғаннан кейін түрлі эмоциялар, түрлі көңіл-күйлер. Бара жатқан жастарымыз өте қуанышты. Осы жыл көлемінде, 2-3 жыл көлемінде жастар саласында және «Жас рухының» құрамында белсенді, ерікті қызметтерін атқарған өте білімді азаматтар бара жатыр. Саяси лагердің үлкен көмегі бұл жастарға 2 жылдық азық десек те болады.

Лагерь жыл сайын "AMANAT" партиясының қолдауымен ұйымдастырылады. Мақсат - өңіраралық және халықаралық байланысты нығайту. Биыл Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан және Үндістаннан да қонақтар келеді.

Кәкім БАКИЖАН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз қазір Алматыға жол жүріп бара жатырмыз. Ол жерде Қазақстанның түкпір-түкпірінен креативті жастар жиналып жатыр. Бұл керемет пікіралмасу болады. Екінші жағынан, ол өзіміз үшін де көпті береді деп ойлаймын.