Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ұлы дала жорығы" "Рекорд" командасына қомақты қаржылай сыйлық бекітілді

“Ұлы дала жорығынан” Түркістан, Қостанай облыстарының шабандоздары шығып қалды. Енді жарысты 4 команда жалғастырады. Сондай-ақ “Рекорд” командасына да қомақты қаржылай сыйлық бекітілді. Команда құрамы Астана, Маңғыстау, Жетісу шабандоздарынан құралған. Егер мәреге жетсе қазақ аттары Гиннес рекордтар кітабына енеді. Алғашқы орынға 2 млн, екінші орынға 1,5 млн, үшінші келген шабандозға 1 млн теңге табысталады. Қазір атқа қонған шабандоздар қара жерді қайыстыра Түркістанға таяп келеді. Ертең- соңғы кезең.