Русский Сайттың толық нұсқасы

Жерорта теңізінде 471 мигрант құтқарылды

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2023
  • 480

Жерорта теңізінде суға батқан қайықтардан 471 мигрант құтқарылды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Оларды Италияның жағалау күзетінің қызметкерлері судан аман-есен шығарған.

Құтқарылғандардың тең жартысына жуығы - бала.

Биыл Италияның Лампедуза аралына қауіпті теңіз жолымен 126 мыңдай шетелдік барған. Бұл былтырдан екі есе көп. Арал тұрғындары мигранттардың көбейіп кетуіне қарсылық ретінде шеруге шықты.