Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Ризабек Айтмұқанды жеңісімен құттықтады

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2023
  • 615

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін», – деді Президент.