Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан төрт адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 19 қыркүйек 2023
  • 644

Ақтөбе облысында жолдың жабық бөлігінде түнгі уақытта болған апаттан Ақтөбе-Астрахань тас жолын жөндеумен айналысып жатқан мекеменің төрт қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz .

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қыркүйек сағат 23:30 шамасында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Елек аулының маңында Ақтөбе-Астрахань автожолының жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жабық учаскесінде кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды.

Полицейлердің мәліметінше, 39 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жабық учаскесіне шығып, сол жерде тұрған асфальт катогімен соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

"Қаза тапқандардың барлығы осы учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның қызметкерлері. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген полиция қызметі таратқан хабарламада.